Сатирик-жазушы, этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметовтың 80 жылдығына арналған «Мірдің оғы» Республикалық әзіл-сықақ театрлары фестивалі аясында өткен «Актер шеберлік, сахна қозғалысы мен сахнадағы сөйлеу мәдениеті» тақырыбындағы шеберлік сабағы
19.05.2019
2067
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК 2019 жылғы мамыр айының 19 күні Арқалық қаласының қазақ жасөспірімдер театрында сатирик-жазушы, этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметовтың 80 жылдығына арналған «Мірдің оғы» Республикалық әзіл-сықақ театрлары фестивалі аясында «Актер шеберлік, сахна қозғалысы мен сахнадағы сөйлеу мәдениеті» тақырыбындағы шеберлік сабағын ұйымдастырды.
Шеберлік сабағын Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, Қостанай облыстық меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының иегері, Арқалық қазақ жасөспірімдер театры бас режиссерінің міндетін атқарушы – Садықова Әлия Елубайқызы жүргізді.
Шеберлік сабағының мақсаты – актердің ішкі рухани жан құралдарын, көркем сөз, көркем қимыл, көркем бейне, көркем ойын дамыту, өсіру. Шеберлік сабағының бағдарламасы екі модульде өтті: «Актерлік шеберлік» және «Сахна тілі».
Сонымен қатар, «Жастар» театры қатысушыларының қатысуымен теория, жаттығулар, артикуляция, дауыспен жұмыс жасау, сергітпе түрлері практикалық жүзінде көрсетілді.