altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
23.10.2026
2
0
Қостанай қаласы еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнін жоғары деңгейде атап өтті.
 
Шаһар басшысы Марат Жүндібаевтың қатысуымен салтанатты іс шара ұйымдастырылып, қаланың өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.

Салтанатты жиынға қатысушылар ҚР Мемлекеттік Туына қарап бой түзеп, Әнұранды шырқады. Ресми рәсімнен соң қала әкімі мінбеге көтеріліп, Қостанайдың ел экономикасын дамытуға қосып жатқан үлесін, соңғы жетістіктерді және жаңа жобаларды паш етті.
 
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат. Оны нығайту халықтың бірлігіне, адал еңбегіне және әр азаматтың туған жерге деген жанашырлығына байланысты. Қостанайдың тарихында түрлі этнос өкілдерінің ортақ еңбегі мен өзара құрметі ерекше орын алады. Аға буының салып кеткен сара жолын жалғап, қаланы көркейтіп, келер ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз. Мереке қарсаңында облыс орталығында 45 метрлік Мемлекеттік Ту орнатылып, жаңа тұғыр ашылып отыр. Нышан елдігімізді айшықтап, рухымызды асқақтатын болады», — деді ол құттықтау сөзінде.
 
Сондай-ақ қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып, жаңа жобаларды таныстырды. Әкімнің айтуынша, қостанайдағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 триллион 200 млрд теңгеден 2 триллион теңгеге жеткен. Ал инвистиция көлемі 141 млрд теңгеден 385 млрд теңгеге дейін өсті.
 
Бұл сандардың артында жаңа кәсіпорындар, тұрақты жұмыс орындары және соны мүмкіндіктер тұр. Соңғы жылдары Қостанайға шетел инвесторлары көбірек келіп, әлемге танымал команиялар ынтымақтастық орнатуда. Бүгінде халықаралық Novotel қонақүйінің құрылысы жүргізілуде. Болашақта Holiday Inn Express қонақүйін салу жоспарлануда. Бұдан бөлек жақында Invictus GO фитнес-клубы ашылады. Халықаралық қонақүйлер желісінің Қостанайға келуі қалада туризмді дамытуға мүмкіндік бар екенін көрсетеді.

Тұрғындардың тұрмысын жақсартып, өмір сапасын арттыру жолында еңбек етіп жүрген жергілікті кәсіпкерлердің де еңбегі зор. Республика күні қарсаңында үздік қызмет көрсетушілер мен кәсіп иелері арасында ұйымдастырылған «Халық сапасы» қалалық байқауының қорытындысы шығарылды. Тауар өндірушілердің жұмысы «Қостанайда жасалған», «Қазақ бренді», «Нан – берекенің бастауы», «Халық алғысы», «Бала қуанышы», «Жылы жүрек» сияқты аталымдарға топтастырылған.
 
«Qazaq бренд» дүкендер желісі халықтың дауыс беруі нәтижесінде «Қазақ бренді» бағытында үздік шықты. Оның иесі Гүлнұр Кәкімбек ұлттық тағамдарды насихаттап жүр.
 
«Бұл марапаттың Ұлттық мереке қарсаңында бұйырып отырғаны үлкен қуаныш. Біздің дүкендердің ұстанымы ұлттық тәттілерді насихаттау. Сондықтан ерекше толқып тұрмын. Бізге дауыс беріп қолдаған барша тұтынушыларға алғыс білдіремін», — деді ол.
 
Облыс бойынша «Qazaq бренд» дүкенінің бес филиалы бар. Айына жарты миллион тоннадай өнім шығарып, сатады. Табиғи тәттілерді Қазақстанның өзге де қалаларына тасымалдауда.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Фото Лариса Божко
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
09.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
9 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет сарайының 1-қабатындағы фойеде ретро би кеші өтті
07.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
7 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласында спорт ардагері Бекбосынов Өтебек Мырзахметұлының жүлдесіне арналған жасөспірімдер мен қыздар арасындағы еркін күрестен Республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті
06.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Өшпес өнеге - ұстаздан
04.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Мерейтойлық іс-шаралар аясында «Мирас» қазақ халық аспаптары этнографиялық ансамблінің 35 жылдығына арналған бірқатар концерттер өткізілуде
03.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні «Караван» ВАА тобы Лисаковск қаласында Қарттар күніне орай зейнеткерлерді мерекемен құттықтады
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
2 қазанда сағат 17:00-де Арыстанбай Қожанұлы Өмірзақовтың жетекшілігімен «Ақ дариға» халық хорының 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @zhuldyz_studio - 🎶 «Ақ Дариға» халық хорының концертінде біздің оқушыларымыз хор ұжымымен бірге өнер көрсетті!
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Бүгін Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара аясында «Мирас» мәдениет үйінде аға буын өкілдеріне арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Халықаралық қарттар күні ерекше бір сапармен басталды
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @b.akkozhina - Бүгін Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Алтын жас» шығармашылық фестиваліне қатыстым
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні сағат 16:30-да “Мирас” қалалық мәдениет сарайы ғимаратының 2-қабат фойесінде Қарттар күніне арналған «Күзгі вальс» атты ретро-би кеші өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда сағат 15:00-де “Мирас” қалалық мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» көркемөнерпаздар фестивалі өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Өшпес өнеге - ұстаздан
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
06.10.2026
Байланыс ақпараттары:
"Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" қалалық Мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны


Заңды мекенжайы:
Қостанай қаласы, Маяковский көшесі, 119
 
Телефоны:
8 (7142) 26-72-28
 
Электронды мекенжай:
miras2020@mail.kz
miras_dkost@mail.kz
 
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру