#REPOST @nauyrzym_madeniet_uii Облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының көркемдік жетекшісі Марғұлан Назарұлы Наурызым ауданына сапарлап, алдағы уақытта өтетін премьераға шолу жасады
Бұл сапар барысында ол премьераның негізгі дайындықтары мен оның шығармашылық аспектілеріне қатысты режиссуралық ұсыныстар мен кеңестер берді. Сонымен қатар, Марғұлан Назарұлы шеберлік сағатын өткізіп, қатысушыларға кәсіби тұрғыда режиссура мен өнер саласындағы тәжірибесін бөлісті. Шеберлік сабағы қатысушылардың шығармашылық деңгейін көтеруге, жаңа әдіс-тәсілдер мен техникаларды үйренуге көмектескен.
