Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының ұйымдастыруымен аудандық және қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған әуесқой театр ұжымы жетекшілеріне арналған «Театр ұжымын құру және оның жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында шеберлік сағаты Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында өтті
Шара басында шаңырақ басшысы Азамат Төлегетайұлы мен орталық басшысы Дәмер Елтайұлы сөз сөйлеп, бастамашы ұжым жетекшілеріне сәттілік тіледі. Шеберлік сағатын «Таған» театрының негізін қалаушылар Төленді Әлқожа, Нұрлыбек Кенжеахмет, Асылан Кенжетай және Қуаныш Маратұлы өткізді.