Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының ұйымдастыруымен театр тақырыбы бойынша ашық есік күні өтті
Мәдени-демалыс ұйымдарының көркемөнерпаздар театрларының күшімен ауылдық елді мекендерде көшпелі спектакльдер ұйымдастырылып тұрады.
Аудандарда, қалаларда құрылған немесе құрылатын театр үйірмелерінің жұмыс істеуіне біліктілік қажет. Бүгінгі өткен ашық есік күнінде осы бағытқа қажетті тақырыптар талқыланды.
Мамандар жұмысы, шеберлік сағат өткізу, реквизит, репертуар, костюмдер жөнінде түрлі ақпараттарды орталық әдіскері Марғұлан Әбдібек пен І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының басшы Асхат Зауатбек өткізген шеберлік сағатында қаралып, білікті мамандар бар білгендерімен бөлісті.

