
25 қазан күні сағат 17:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде қазақтың халық аспаптарындағы этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт өтті.
Мерейтойлық кеш ұлттық музыканың, бай дәстүрлердің және шығармашылық ұжымның көпжылдық өнер жолының жарқын мерекесіне айналды.
Ансамбльге алдағы уақытта да өркендеу, шабыт және жаңа шығармашылық жетістіктер тілейміз!
Концерт қонақтары:
•ЕРЖАН ЖАМЕНКЕЕВ - шақырылған әртіс.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия докторы (PhD), HASSAK этно-фольклорлық ансамблінің жетекшісі (Алматы қаласы).
•РАСУЛБЕК ШӘРІПБЕКҰЛЫ - шақырылған әртіс.
Халықаралық байқаулардыңдың лауреаты, Кыргыз Республикасының «Мәдениеттің мықты қызметкері» төсбелгісінің иегері (Қырғыстан).
•ЗӘКІРБЕК ДҮЙШЕНБЕКҰЛЫ - шақырылған әртіс.
Кыргыз Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, Өзбекстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.
•ТАЛҒАТ МОЛДАҒАЛИЕВ – шақырылған әртіс, Қостанай қ. Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасының және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.
•АҚБӨКЕН ТЕМІР - шақырылған әртіс, Атырау қ.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі.
«Талант» , «Құрманғазы» төсбелгілерінің иегері.
Халықаралық және Республикалық конкурстардың бас жүлде иегері.
•БАУЫРЖАН АҚТАЕВ – шақырылған әртіс, төрағасы, композитор, Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасының және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері (Атырау қаласы).
Іс-шара жүргізуші/ Ведущий:
@zhasulanaisa

