Бүгін облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының ұйымдастыруымен Қостанай ауданы Заречный ауылдық «Современник» мәдениет үйінде сатирик-жазушы, этнограф-ғалым С.Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» облыстық әзіл-сықақ театрларының фестивалі қарсаңында «Актерлік шеберлікті шыңдау» атты шеберлік сағаты өтті
Шеберлік сағатын Қостанай қалалық «Таған» театрының көркемдік жетекшісі Төленді Әлғожин өткізді.
Аталмыш шараға Рудный қалалық «Берік шоу» театры мен Б.Майлин ауданы Е.Өмірзақов атындағы мәдениет үйінің «Халық театры» ұжымдары келіп қатысты.
Олар көпшілік алдында сөз сөйлеу, эмоцияларды басқару сияқты актерлік шеберлікті шыңдауға қажетті дүниелерді үйреніп, түрлі жаттығулар жасады. Актер болу үшін көп дүние керек. Оның бәрі білім мен біліктілік, талпыныс пен тәжірибе арқылы келетіні белгілі. Әр әртіс өз кейіпкерінің авторы. Сахналық бейнеге байланысты ізденістер мен үйренгенді талғам таразысынан өткізе білу де актердің біліктілігіне байланысты. Осы сияқты дүниелер шеберлік сағатында айтылып, талқыланды.
Соңында барша қатысушылар арнайы сертификат алып, Төленді Әлғожинге орталық басшысы Дәмер Қалқаев Алғыс хат табыстады.