Сабыржан Тайфин – Торғай өңірінің перзенті, Жанкелдин ауданының тумасы. Ол – табиғатынан дарынды композитор, музыкалық білімі болмаса да, жүрек қалауымен, шабытпен жазылған бірнеше ән мен күйлердің авторы. Оның шығармалары туған жерге, ұлттық рух пен тарихи тұлғаларға деген сүйіспеншіліктен туындаған.