Қостанайда заманауи би бағытындағы хореографиялық ұжымдардың жетекшілеріне арналған шеберлік сағаты өтті
Бұл іс-шара би өнеріндегі жаңа әдістермен танысуға, тәжірибе алмасуға және кәсіби шеберлікті арттыруға бағытталды.
Шеберлік сағатын көше би мектебінің негізін қалаушы, мұғалім-хореограф Евгения Гавриш пен Қостанай педагогикалық колледжінің бөлім меңгерушісі, тәжірибелі маман Салтанат Доспанова жүргізді.
Іс-шара барысында қатысушылар хореографиядағы заманауи трендтер, қозғалыс техникасы, би қойылымдарын жасау және сахнада өзін ұстау қағидалары туралы құнды мәліметтер алды.
Іс-шарадан кейін қатысушылар Қостанайда өтіп жатқан «JASstar.kst» қалалық шығармашылық байқауын тамашалады.
Қостанай жоғарғы педагогикалық колледжі ұжымына, басшысы Құсайын Жомарт Қоңырбайұлына алғысымызды айтамыз.