altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
BAQ.KZ: Арқалықта айтыс өтті дүркіреп
15.10.2022
1963
0
Арқалық қаласында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Дәуірдің жарық жұлдызы» атты аймақтық ақындар айтысы өтті деп хабарлайды Қостанайоблысындағы BAQ.KZ тілшісі.

 
Арқалықта өткен асқақ рухты сөз барымтасына еліміздің түкпір-түкпірінен облыстық, республикалық ақындар айтысына өз бақтары мен баптарын сынап жүрген талантты 18 ақын қатысты. Алыптардың мекені Арқалық қаласында өткен айтыстың алғы сөзі қала әкімі Әмірхан Асановтың құттықтау сөзімен басталды. 
 
Осы орайда, ат төбеліндей Арқалықта аламан ақындар айтысының өтуіне мұрындық болған шаһар басшысы Әмірхан Біркенұлы екенін айта кеткен жөн.
 
Айтыс халықтың төл өнері. Осынау ұлы өнерде ұрпаққа берілетін сарқылмас тәрбие мен тәлім жатыр. Оның үстіне киелі Арқалық өңірінде осындай өнерді дәріптемесек бізге сын. Биылғы ақындар айтысының тақырыбы да ауқымды. Ол ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналып отыр. Аламанға қатысқалы отырған ақындарға сәттілік тілеймін,- деді өз құттықтауында Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов.
 
Арақылыққа жиналған жыр саңлақтарының өнеріне Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, облыстық меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының иегері, Айтыстың ақтаңгері Айбек Қалиев, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қостанай облысы меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының иегері, Арқалық қаласының құрметті азаматы Боранбай Әбенов, белді ақын, облыстық «Қостанай таңы» газетінің меншікті тілшісі Мұрат Жүнісұлы, айтыскер ақын Бағила Балмашева, қазақ тілі қоғамының мүшесі кәсіби журналист Дархан Ермағанбетов секілді ел ағалары қазылық жасап өнерін бағалады. 
 
Көмейлерінен көмкерілген көркем жырды домбыраның шанағына сыйғызып жүрген 18 ақын 9 жұпқа бөлініп, Арқалықты жырға бөледі. Алман айтысты тамашалауға келген көрермендердің де қатары қалың болды.
 
Әділ қазылар алқасына да әр жұп сайын баға беру оңайға түскен жоқ. Дегенмен ақындар өзгелердің сезбегін сезеді, көрмегенін көреді, ойламағанын болжайды, тілі жетпегенін халықтың атынан жеткізеді. Бес сағаттан астам уақытқа созылған аламан айтыстың қорытындысы бойынша Бас жүлде 300 мың теңгелік ақшалай сыйлық Арқалық қаласынан шыққан Батырлан Сағынтаевқа бұйырды. Ал бірінші орынды Астана қаласынан келген Ақбота Манарбекова 200 мың теңгеге ие болды. Екінші орын 150 мың теңгені Астана қаласынан Тоба Өтепбаев пен Арқалық қаласының намысын қорғаған Айбар Рағатов еншіледі. Үшінші орын 100 мың теңгемен Амангелді ауданының дарынды ақыны Еламан Тұрсын пен Астана қаласынан сынға түскен Мұхтар Қонарбаев марапатталды. 
 
 
Сонымен қатар, осы айтыстың ең кішкентай ақыны Арқалық қаласының атынан шыққан Рағат Нурисламға «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы арнайы жүлде» 50 мың теңге сыйақы бұйырды. Қалған барлық ақындарға 35 мың теңге сыйықы тапсырылды.
 
 
Ақындарымызға туған еліміздің биікке ұшар сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болыңдар деген тілекпен белгілі оюшы, қолөнер шебері, өлкетанушы Шөптібай Байдилдиннің «Тарихымызды түгендейік» атты кітабы барлық ақындарға табыс етілді.
Тағы бір ерекше тоқтала кетер жайт Арқалықта осындай ақындар айтысын өткізу дәстүрге айналған. Ал бұл жолғы айтыстың мәні мен маңызы тіптен зор. Айтыстың өркендеуіне қала әкімі Әмірхан Біркенұлының сіңіріп жатқан еңбегі ерен, - дейді Арқалық қалалық мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі Миргүл Мұсабекова.
 
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
04.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Мерейтойлық іс-шаралар аясында «Мирас» қазақ халық аспаптары этнографиялық ансамблінің 35 жылдығына арналған бірқатар концерттер өткізілуде
03.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні «Караван» ВАА тобы Лисаковск қаласында Қарттар күніне орай зейнеткерлерді мерекемен құттықтады
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
2 қазанда сағат 17:00-де Арыстанбай Қожанұлы Өмірзақовтың жетекшілігімен «Ақ дариға» халық хорының 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @zhuldyz_studio - 🎶 «Ақ Дариға» халық хорының концертінде біздің оқушыларымыз хор ұжымымен бірге өнер көрсетті!
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Бүгін Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара аясында «Мирас» мәдениет үйінде аға буын өкілдеріне арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Халықаралық қарттар күні ерекше бір сапармен басталды
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @b.akkozhina - Бүгін Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Алтын жас» шығармашылық фестиваліне қатыстым
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні сағат 16:30-да “Мирас” қалалық мәдениет сарайы ғимаратының 2-қабат фойесінде Қарттар күніне арналған «Күзгі вальс» атты ретро-би кеші өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда сағат 15:00-де “Мирас” қалалық мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» көркемөнерпаздар фестивалі өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда Мирас мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» атты сәндік, қолданбалы, бейнелеу және қолөнер көрмесі өтті
01.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
30.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
30 қыркүйекте «Мирас» қалалық мәдениет сарайының директоры З. Иманова және оның қызметкерлері ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтады. Бұл күні қонақтарға жылы лебіздер айтылып, зор денсаулық, бақ-береке, ұзақ ғұмыр және көңіл-күйдің көтеріңкі болуын тіледі!
29.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! Сіздерді 2 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет үйінде өтетін «Ақдариға» халық хорының концертіне шақырамыз! Кіру тегін!
28.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
28 қыркүйек күні сағат 11:00-де «Петрушка» балалар театры @petrushka_kst жетекшісі Хабибулина Н.Д.«Жанұя» @zhanyia.kst балалар үйіне барды
28.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Туған жерге тағзым» мерекелік кеші өтті
28.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Мұқаш – ел аманаты» атты тарихи қойылымының премьерасы өтті.
26.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Ізденіспен өткен 30 жыл: «Ақдариға» халық хорының жетекшісі Арыстанбай Өмірзақовпен сыр-сұхбат
24.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! 25 қыркүйек күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет үйінде өтетін «Ақдариға» халық хорының концерті Қазақстан Республикасында жарияланған жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты тоқтатылды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
24.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 ҚАЗАН — ҚАРТТАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК БАҒДАРЛАМА! «Мирас» мәдениет сарайында «Алтын жас» әуесқой шығармашылық фестивалі өтеді!
21.09.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Еңбек күні құтты болсын!
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
01.10.2026
«Туған жерге тағзым» мерекелік кеші өтті
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
28.09.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру