"Өнер ~жұтамас байлық, таусылмас қазына" атты облыстық семинар
25.06.2021
758
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Бүгін Қостанай ауданы, Затабол қаласы "Алтын дән" Мәдениет үйінде Қ. Әбенов атындағы аудандық Мәдениет үйі әдістемелік кабинет меңгерушісі, "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгі иегері Мизамбаева Лиза Таутанқызының ұйымдастыруымен мәдениет қызметкерлерінің "Өнер ~жұтамас байлық, таусылмас қазына" атты облыстық семинар өтті. Семинарда аудандық Мәдениет үйінің жетістіктері, қолөнер шеберлері мен ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылды. Семинарға қатысушыларды облыстық халық шығармашылық орталығының басшысы Д. Е. Қалқаев, Амангелді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С. З. Сейдин құттықтап сәттілік тіледі. Семинардың бас модераторы Л. Таутанқызы өз тәжірибесімен бөлісті Ж. Сомжүрекұлының "Тілеп-Сарықыз" драмасынан үзінді қойылды Есір ауылдық клубының әдіскері Б. Ізтілеуов Есір ауылдық клубының жұмыстарымен таныстырды Қатысушыларға шағын концерттік бағдарлама ұсынылды Семинар соңында Лиза Таутанқызына Алғыс хат,сертификат тапсырылды