"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Дәстүр мен ғұрып" арнайы жобасы "Ұлттық киім трендте" "Ең әдемі киім-ұлтыңның киімі'-дейді ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де ерекше. Оның үлгілері әлемнің этнографиялық мұражай мен көрмелерінде орын алған. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сыйапат, дипломатиялық қатынастар арасында ескерткіш, белгі ретінде жүреді. Ат кигізіп, шапан жабу қазақтың шоқтығы биік дәстүрі. Ұлттық киім үлгілерінде ұлтымызға тән болымысымыз, мінезіміз, дәстүріміз айқын айшықталған. Жаңа ғасырда ұлттық киімдерге жастар бет бұрып, күнделікті киіп жүрмесе де мереке тойларда, сахнада ерекше, бір бірін қайталамайтын үлгілерін насихаттап жүр. Осы мақсатта" Дәстүр мен ғұрып"арнайы жоба аясында ұлттық киім үлгілерін жариялап отыратын боламыз! Құмкешу ауылдық округі ұсынған роликті тамашалаңыздар!