"Ұрпақтары сабақтастығы" -атты ұлт-аспаптар ансамбльдері арасында байқау өтті.
03.07.2019
1025
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Қ. Әбенов атындағы аудандық мәдениет үйінде Амангелді ауданының тумасы, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ұстаз, музыкант Төкен Елтебаевтың туғанына 83 жыл толуына және ұлттық домбыра күніне арналған республикалық "Ұрпақтары сабақтастығы" -атты ұлт-аспаптар ансамбльдері арасында байқау өтті.
Байқауды ұйымдастыруға мұрындық болған Төкен ағамыздың қыздары. Байқауға Нұр -Сұлтан, Қостанай, Арқалық қалалары мен Алтынсарин, Амангелді ауданының ансамбльдері бақ сынады. Байқау қортындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан келген "Қорқыт"-этно-фольклорлық ансамблі ГранПриді иеленді.