Ұлттық домбыра күніне арналған мың домбырашы флешмобы мен аудан өнерпаздарының үлкен концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды
03.07.2019
1417
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Арайлы Амангелді ауданында Ұлттық домбыра күніне арналған мың домбырашы флешмобы мен аудан өнерпаздарының үлкен концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды. Аудан әкімінің мерекелік мараппаттары тапсырылды.
Облыстық халық шығармашылығы орталығының арнайы сыйлығы "Ең қарт домбырашы"-номинациясы еңбек ардагері, 89 жастағы атамыз Жүнісов Ғалымжан атамызға және "Ең жас домбырашы"-номинациясы 6 жасар Арсен Мұратовқа тапсырылды. Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік от шашу әсерлі болды. Ұлттық құндылығымыз қазақтың қасиетті қара домбырасының үні асқақ, биік және мәңгілік болсын !