«Айналдым, сенен-Атамекенім»-атты облыстық қызғалдақтар фестивалі
05.05.2019
1555
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Амангелді ауданында «Айналдым, сенен-Атамекенім»-атты облыстық қызғалдақтар фестивалі өткізілді.
Ауқымды шараға облыстық басқарма басшылары, өзге облыстан делегаттар, өнер қайраткерлері келді. Фестиваль «Ұлы даланың жеті қыры» -бағытында ұйымдастырылды.
Қызғалдақтар фестивалінің басты жаңалығы- ауданда тұңғыш рет 500 домбырашының күй ойнауы.
Дирижері – Амангелді ауданының құрметті азаматы Сапарғали Ахметжанов.
Сонымен қатар бағдарламада ұлттық спорт түрлері, айтыс, қол өнер шеберлері көрмесі, Қостанай қаласы, Амангелді, Жаңгелді, Наурызым аудандарының өнерпаздары өнер көрсетті.