Бүгін аудандық Мәдениет үйінде “Гүлдер-ай” үлгілі би тобының есеп беру кеші өтті. 20 жылдық тарихы бар би тобы кешті “Өмір жолы” атты хореографиялық қойылымымен бастап, “Гүлдер-ай” үлгілі би тобының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.
“Гүлдер-ай” үлгілі би тобының жетекшісі Айткүл Сабырқызы кешті “Қызымын елдің, бақытын тапқан өнерден” атты әнмен аяқтап, би тобына және жетекшіге арнайы Алғыс хаттар және гүл шоқтары табысталды.