«Әнім саған, туған жер» атты концерттік бағдарлама
17.01.2025
217
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Бүгін аудандық мәдениет үйінде Амангелді ауданының 97 жылдығына арналған «Әнім саған, туған жер» атты концерттік бағдарлама және XXXVII «Өнеріміз саған, Қазақстан!» - атты облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы фестивалінің аудандық байқауының гала концерті өтті.
Аудан әкімі сөз сөйлеп, марапаттар табыстады.
XXXVII «Өнеріміз саған, Қазақстан!» - атты облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы фестивалінің аудандық байқауында жақсы өнер көрсеткен өнерпаздар, бүгінгі гала концертте өнерлерін аудан халқына паш етті.