Бүгін “Жастар” саябағында орналасқан Аудандық бас шыршаның «Көңілді шырша» шамдарын жағу рәсімі өтті. Аудан әкімі Қанат Уәшұлы құттықтау сөз сөйлеп, барша аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады. Мерекенің басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар сонымен қатар келіп жеткен Жылан жылы кейіпкеріде бүгінгі кешке келіп, көпшілікке жақсы көңіл күй сыйлады. Кішкентай ақшақарлар би билеп, әдемі әндер шырқалды. Балалар өлең айтып, Аяз атаның тәттілеріне ие болды.