Мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын Бүркітбай Бекетовтың 70 жылдығына орай “Баладай бес жастағы аңқылдаған…” атты еске алу кеші өтті.
20.12.2024
81
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Бүгін аудандық мәдениет үйінде ҚР Мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын Бүркітбай Бекетовтың 70 жылдығына орай “Баладай бес жастағы аңқылдаған…” атты еске алу кеші өтті. Кеште ақынның айтыс сахнасында жүрген сәттерінен бейнеролик көрсетіліп, халық назарына ұсынылды. Аудан әкімі Қанат Уәшұлы сөз сөйлеп, алғыс хат табыстады.
Сонымен қатар айтыстың сахнасында жүрген ақындардың, іні-қарындастарының демеушілік жасауымен “Жүрек назы” кітабы жарыққа шығып, аудан әкімі Қанат Уәшұлы мен айтыстың ақтаңгері Айбек Киікбайұлы тұсауын кесті.
Есір ауылдық клуб әдіскері, ақын Балтасар Ізтелеуов арнау айтып, аудандық мәдениет үйі әдіскері Асылхан Әділхан Б. Бекетовтың сөзіне жазылған “Даланың ару қызы” әнін, Амантоғай ауылдық клуб әдіскері Әбдірахман Әмірғазин “Ақ жеңешем” әнін орындады.