15-қараша, Қостанай облысының Б. Майлин ауданында атақты жазушы және ақын Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына арналған “Бейімбеттің биігі” атты облыстық ақындар айтысы өтті. Мерейтой аясында ұйымдастырылған айтысқа өңірдің ең танымал айтыскерлері және ауданымыздан Ізтелеуов Балтасар Тұрысбекұлы қатысып, қатысқаны үшін дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, мерекелік төс белгімен және Б. Майлин қоғамдық қоры директорының Алғыс хатымен марапатталды.