Республика күніне орайластырылған «Мен – Отанның ұлымын» атты ер балалар арасында сазды-танымдылық командалық сайыс өтті
15.10.2024
53
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Бүгін аудандық мәдениет үйінде Республика күніне орайластырылған «Мен – Отанның ұлымын» атты ер балалар арасында сазды-танымдылық командалық сайыс өтті. Сайысқа аудан, ауыл мектептерінен 5 команда бақ сынасып, нәтижесінде Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі «Батыр» командасы жеңімпаз атанды. Бүйректал жалпы білім беретін мектебінің “Жас ұлан” командасы 1-орын, Үрпек ауылы Жаңаауыл жалпы білім беретін мектебі «Қазақ рухы» командасы мен А. Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектебі «Қырандар» командасы 2-орын, Құмкешу жалпы білім беретін мектебі «Жарқын болашақ» командасы 3орын иеленді.