Қ. Әбенов атындағы аудандық мәдениет үйінде медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті
Бүгін Қ. Әбенов атындағы аудандық мәдениет үйінде медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Аудан әкімінің орынбасары С. Ж. Ганиев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап,облыс,аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен марапаттады. Арухананың бас дәрігері Ж. Р. Каканова ақ халатты абзал жандарға мерекелік марапаттар және зейнеткер ардагерлерге естелік сыйлықтар тапсырды.
Салтанатты жиын аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.