Есір ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Изтелеуов Балтасар Тұрысбекұлы " Ауылдық мәдениет үйінің үздік қызметкері" номинациясын жеңіп алып, жеңімпаз атанды.
Бүгін аудан мәдениет мен өнері үшін толайым табыстар күні болды.
Қостанай қаласы "Жастар" сарайында мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесіне арналған салтанатты жиналыс болып, республикалық "РУХАНИ ҚАЗЫНА" фестивалінің облыстық іріктеу кезеңінің жеңімпаздары анықталып, марапатталды.
Әріптесіміз, Есір ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Изтелеуов Балтасар Тұрысбекұлы " Ауылдық мәдениет үйінің үздік қызметкері" номинациясын жеңіп алып, жеңімпаз атанды.
Әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз!

