Бүгін Қ. Әбенов атындағы аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері ~әдістемелік кабинет меңгерушісі Л. Т. Мизамбаева және көркемдік жетекші И. Б. Арбабаева, мобилиограф Н. Едресов ауылдық клубтардың жұмыстарын,тыныс-тіршілігін, "Зерделеу" бағдарламасы бойынша клуб әдіскерлерінің құжаттарын тексеру мақсатында Ақсай, Үштоғай, Тасты, Амантоғай ауылдарына іс сапармен барды.
Сапар барысында ауылдық клуб әдіскерлеріне методикалық көмек Мизамбаева Лиза Таутанқызының сценарийлер жинағын тапсырылды. Арбабаева Индира Бақытқалиқызы концерттік бағдарлама мен іс-шараларды ұйымдастырудың жолдарына бвғыт,кеңестерімен бөлісті.