9 Мамыр ~ Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орайластырылған "Ерлікке тағзым" атты мәдени іс шара "ЕР ЕСІМІ - ЕЛ ЕСІНДЕ" ескерткіш тақта алдына, тыл және еңбек ардагерлер, аудан әкімі, мекеме басшылары жиналып зұлмат соғыста шейіт болғандарға гүл шоқтарын қойып,мәңгілік алау жағылды. Бір минут үнсіздік жарияланып дұға бағышталып, аудан әкімі Т. Т. Карбозов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Е. Ж. Дауылбай сөз сөйлеп, жиналғандарды мерекемен құттықтады. Соғыс жылдарындағы ән айтылып, естелік суретке түсті
Ел үшін жанын қиған батыр аталарымыздың есімдері ұмытылмайды, өскелең ұрпаққа үлгі~өнеге, рухтарына мәңгілік тағзым!