Жақында Р. Шегенбаевтың "Торғайды аңсау" әні жарық көріп, тұсауы кесілген болатын.
Әннің сөзін жазған жерлесіміз, журналист Бейбіт Оспанов ауданымызға аттың басын бұрып, игі істің бастаушысы болып келген болатын. 1966 жылы туған сыныптастарымен жиналып келіп, 200 түп ағаш еккен болатын.
Б. Оспановпен мәдениет үйінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Лиза Таутанқызы кездесіп, сұхбат алған болатын.
Әннің авторлары мен орындаушысы кездесіп, жақын танысып, әннің шығу тарихы жайлы сыр шертіп, естелік суретке түсті. Әннің авторлары мен орындаушы әншінің ойы бір жерде тоғысып, керемет туынды дүниеге келді. Әннің көпшіліктің көңілінен шығып, өміршең болуына тілектеспіз!
