" Таза Қазақстан " экологиялық акция аясында "Киелі мекен" апталығында Қ. Әбенов атындағы аудандық мәдениет үйінің ұжымы мәдениет үйінің аймағына сенбілік жұмыстарын жүргізді
" Таза Қазақстан " экологиялық акция аясында "Киелі мекен" апталығында Қ. Әбенов атындағы аудандық мәдениет үйінің ұжымы мәдениет үйінің аймағына сенбілік жұмыстарын жүргізді. Ағаштардың түбін қопсытып, әктелді.
"Туған жердің жуасы да тәтті"-дегендей, туған жерге, күнделікті қызмет жасап отырған ортаның тазалығына үлкен жауапкершілікпен қарайтын ұжым жылдың қай мезгілі болмасын сенбілік жасаудан жалыққан емес. Алдағы уақытта гүлдер егіліп, ғимарат алды гүлзарға айналады.