11 наурыз күні Жастар сарайында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті.
11 наурыз күні Жастар сарайында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Алқа жұмысына облыс әкімінің орынбасары Ринат Зәкиұлы Мұхаметқали қатысты. Мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Бүркітбайұлы баяндама жасап, мәдениет саласын дамытудың өзекті мәселелері: мәселелері, болашағы, міндеттері туралы айтты.
Мәдениет және өнер саласын дамытуға қосқан үлестері үшін мәдениет ұйымдарының қызметкерлері төс белгілермен, алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ, «Рухани қазына-2023» республикалық байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.
Марапатталғандардың ішінде Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйінің Үрпек ауылдық клубы "Рухани қазына-2023" жылдың қорытындысы бойынша "Үздік ауылдық клуб" номинациясын жеңіп алды. Шын жүректен құттықтаймыз
