Қ.Әбенов атындағы аудандық мәдениет үйінде Амангелді ауданының білім бөлімі «Армандастар» республикалық балалар шығармашылығы фестиваль – байқауының аудандық кезеңін өткізді.
Фестиваль –байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз ұжымдар білім бөлімінің дипломдарымен, жеңімпаз ұжымдардың жетекшілері Алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Би ұжымдары арасындағы жеңімпаздар:
Бас жүлде- «Гүлдер-ай» би ұжымы, Амангелді мектебі;
І орын- «Мереке» би ұжымы, Ы. Алтынсарин мектебі;
ІІ орын - «Сымбат» би ұжымы, Жаңа ауыл мектебі,«Шұғыла» орталығы;
ІІ орын- «Сымбат» би ұжымы, Б. Қолдасбаев мектебі;
ІІІ орын- «Еркесылқым»би ұжымы, Ә.Боранбаев мектебі;
ІІІ орын- «Тұмар» би ұжымы, Ж. Сабыржанұлы мектебі
ІІІ орын- «Сымбат» би ұжымы, музыка мектебі;
ІІІ орын- «Кербез» би ұжымы, Жасбуын мектебі;
«Үздік халық биі» номинациясының иегері- «Гүлдер-ай» би ұжымы,Амангелді мектебі;
«Үздік заманауи би» номинациясының иегері- «Сымбат» би ұжымы, Б. Қолдасбаев мектебі.





