«Еңбек - елдің берекесі» атты концерттік бағдарлама өтті
08.12.2023
134
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
8 желтоқсан «Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні» мерекесіне орай «Еңбек - елдің берекесі» атты концерттік бағдарлама өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Шукенов Абай Айтбайұлы баяндама жасап, аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Қаласов Малшыбай Дүйсенұлы мерекемен құттықтап, марапаттар табыстады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесінің басшысы Қайыпбай Берікжан Балапанұлы сөз сөйлеп, аудан халқына өз ризашылығын білдірді.
Мерекелік жиын аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.