Құттықтаймыз!
1916 жылы көтерілісінің сардары А. Имановтың 150 жылдық мерей тойына атсалысқаны үшін "Көзмерген" әнінің авторлары Есір ауылдық клуб әдіскері, ақын Балтасар Тұрысбекұлы мен композитор Шегембаев Руслан мерекелік төсбелгімен марапатталды.
“Бүгін аудандық әкімдік ғимаратында аудан басшысы Карбозов Талғат Тойшыбекұлы мен Сүндет Жолдыбекұлы,Сағынғали Зәкірұлының қолдауымен Амангелді батырдың тойына арнап шығарған әнімізді бағалап алғыстарын білдірді. Қос сазгердің жүрегінен туған "Көзмерген" әніміз осындай жетістікке жеткізді. Аллаға шүкір! Еңбегімізді бағалап, біздерге мотивация беріп жатқан басшыларға алғысымыз шексіз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!” деп ақын Ізтелеуов Балтасар Тұрысбекұлы өз алғысын білдірді.