ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Республика күніне арналған «Қазақстан-туған елім, ұлы өлкем» атты салтанатты жиында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кино бейнеқор орталығы» басшысының алғыс хатымен республика күні қарсаңында Тобыл-Торғай өңірінің мәдениеті мен өнерін дамытуға үлес қосқаны үшін мәдениет үйінің қызметкерлері , әріптестеріміз Ахметов Айдос Бейсенғалиұлы, Ізтелеуов Балтасар Тұрысбекұлы, Сейдағалиева Наргүл Сапарбекқызы, Қаржаубаева Айдана Қуанышқызы және Аудан әкімінің грамотасымен, еңбектегі жоғары жетістіктері үшін және республика күні мерекесіне байланысты мәдениет үйінің компьютерлік техника операторы - Төленов Қанат Қыдырәліұлы марапатталды.
Әріптестерімізді марапаттарымен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт тілейміз!


