29-қыркүйек аудандық мәдениет үйінде 1-Қазан Қарттар күніне арналған
«Қарттарым, аман-сау жүрші» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті.
Аудан әкімі Карбозов Талғат Тойшыбекұлы мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Дауылбай Есім Жетпісбайұлы сөз сөйлеп, мерекемен құттықтады. Халық батыры Амангелді Иманов туралы түсірілген “Бас сардар” фильмі көрсетіліп, аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.


