ҰЛТТЫҚ ОЙЫН - ҰЛТ БАТЫРЫНА АРНАЛДЫ
Аманкелді Үдербайұлы Имановтың туғанына 150 жыл және Аманкелді ауданының құрылғанына 95 жыл толу мерейтойына орай батыр атындағы ауданымызда ұлы дала ойындары өткізілуде. Ойын алаңында көкпар, арқан тартыс, аударыспақ сынды ойындары ойнатылу үстінде.
Аудан әкімі Талғат Тойшыбекұлы жерлесіміз, меценат Батыр Ералханұлына аталған мерейтойға бастамашылық жасап, демеушілік қолдау көрсеткені үшін батыр атындағы аудан халқының атынан үлкен алғысын білдіріп, мерейтойға арналған естелік медаль, Алғыс хат және иығына шапан жапты.
