Аманкелді батырдың 150 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Қостанайдағы Ахмет Байтұрсынов атындағы университетте Аманкелді батырдың 150 жылдығына арналған «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: айтылмай келген ақиқат» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Кең ауқымды жиынға тарихшы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысып, мәжілісте әйгілі тұлғаға қатысты мәлім де беймәлім деректер ортаға салынды. Конференция батыр атындағы ауданда жалғасын табатын болады.

