“Ұлттық домбыра” күні
30 маусым “Жастар” саябағында «Ұлттық домбыра» күніне, Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығына орай және Ұлттық музыка аспаптарын жасаушы шебер Ораз Мұқанұлы Қожасовтың жүлдесіне арналған «Қасиетті, киелі – қазақтың қара домбырасы» атты күй ойнаудан аймақтық байқау өтті.
Байқауға Қостанай, Сарыкөл, Жангелдин, Науырзым, Алтынсарин аудандарынан және Үрпек, Қарасу, Ақсай, Есір ауылынан домбырашылар қатысып, байқау соңында қатысушылар “Адай”, “Балбырауын” күйлерін орындады. Байқау қорытындысы бойынша Үрпек ауылынан келген Асқар Әлімжан бас жүлдені иеленді.
Жүлдегерлер мен қатысушыларға ақшалай сыйлық табысталды.






