Бүгін аудандық мәдениет үйінде “Балалар жылына” орайластырылған 13 жасар ер балалар арасында "Ер Төстік ~2022" бауқауы өтті. Байқауға әр ауылдан 8 сайыпқыран қатысып, Үрпек ауылынан келген Балахмет Жанбек бас жүлдені иеленді.
Сайыс басында Байқаудың алғашқы жеңімпазы Сәрсенбетов Данияр қатысушыларға сәттілік тілеп, видеоқұттықтау жолдады.
Байқау 5 шарттан құралды.
Жобаның авторы ҚР «Мәдениет саласының үздігі» және «Еңбек даңқы» төсбелгілерінің иегері, Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Мизамбаева Лиза Таутанқызы.