“Көңілашар” әзіл-сықақ сазды бағдарламасы өтті.
Бүгін Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйінде 27 наурыз Халықаралық “Театр күні” және 1-сәуір күлкі күніне М.Қапышев атындағы халық театры дайындаған “Көңілашар” әзіл-сықақ сазды бағдарламасы өтті.
Бағдарламада “Вампир”, “Жүрек жарған Жаргон”, “Евромола” интермедиялары қойылып, көрерменнің ыстық қошеметіне бөленді.
27наурыз Халықаралық “Театр күніне” орай аудан әкімінің алғыс хатымен М.Қапышев атындағы халық театры ұжымы және ұжым әртістері марапатталды.


