Қ. Әбенов атындағы аудандық мәдениет үйінің холлында "Наурыз ~ адамзаттың мәдени мұрасы" атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде қол өнер бұйымдары, ат әбзелдері, зергерлік, әшекейлер, ұлттық тағамдар болды. Көрмемен ҚР "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгі иегері, мәдениет үйінің әдіскерлік кабинет меңгерушісі Лиза Таутанқызы таныстырды. Мерекеге жиналған қауым Наурыз көжеден ауыз тиіп, арнайы жасалған "Наурыз нақыштары" фото зонада естелік суреттерге түсті.
Ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған көрменің маңызы зор.
Ұлыстың Ұлы күні ~ Наурыз мерекесі құтты болсын

