Қ. Әбенов атындағы аудандық мәдениет үйінде "Наурыз ~ уақыт межесі" - атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Мерекелік бағдарламада аудан әкімі Т. Т. Карбозов жиналған қауымды мерекемен құттықтады. Мәдениет үйінің өнерпаздары мен аудан мектептері ұжымы дайындаған сахналық қойылымдарын көрермен назарына ұсынылды.Жиналған қауымға шашу шашылып, Қыдыр Ата бата беріп, наурыз көжеден дәм татылды.