Бүгін Қ. Әбенов атындағы аудандық мәдениет үйінде 8 Наурыз Халықаралық Әйелдер күніне арналған "Сарқылмас жақсылық, Ана аты ~Ұлылық" атты салтанатты жиын өтті. Жиында аудан әкімінің орынбасары Б. С. Алпысбаев жиналған қауымды құттықтап, марапаттар тапсырды. Жиын аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Концерт шымылдығын М. Қапышев атындағы халық театры әртістерінің қатысуымен "Ана жүрегі" атты сахналық қойылыммен ашылды. Қойылымды сахналаған ҚР "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгі иегері Лиза Таутанқызы. Жиналған аналар қауымы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасын, азаматтардың мерекелік гүл шоқтарын ризашылықпен қабылдады.