16-желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсізідігі күніне арналған концерттік бағдарлама

Қ. Әбенов атындағы аудандық мәдениет үйінде мерекелік салтанатты жиын мен "Тәуелсіздік ~жерімнің ғажаптығы" атты аудан өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтті.
Аудан әкімі Т. Т. Карбозов аудан халқын мерекемен құттықтап, мерекелік марапаттар тапсырды.
Концерттік бағдарлама қазақ халқының басынан өткен тарихи оқиғаларды суреттейтін сахналық көрініспен сабақтастырылды.
Асан Қайғы кезеңінен бүгінгі Тәуелсіз еліміздің жарқын кезеңіне дейін суреттелді.
Бағдарлама режиссері: ҚР " Мәдениет саласының үздігі"төсбелгі иегері Мизамбаева Лиза Таутанқызы
Бағдарламаның көркем жетекшісі:
Арбабаева Индира Бақытқалиқызы



