#REPOST @qumaraqsaqalov - 🇰🇿Құрметті аймағымыздың тұрғындары! Қымбатты жерлестер, қадірлі қонақтар! Баршаңызды Қостанай облысының 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қостанай облысының 90 жылдық мерейтойына орай өзінің құттықтауын жолдады.
90 жылдық тарихы – бұл даңқты жылнаманың, ұрпақтар сабақтастығының, адал еңбектің және толағай жетістіктердің белесі.
Қостанай жері әрдайым тәуелсіз Қазақстанның сенімді тірегі болып келеді.
Бүгінде өңіріміз қарқынды дамып келеді. Біз өнеркәсіптік және аграрлық әлеуетімізді нығайтып, инфрақұрылымды жаңғыртып, тұрғын үйлер, жолдар, мектептер мен ауруханалар салудамыз. Бұл жетістіктердің барлығы – өңірге деген жоғары сенімнің, ауқымды инвестициялардың және ең бастысы, қостанайлықтардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі.
Біздің болашаққа деген айқын көзқарасымыз, мықты ерік-жігеріміз бен зор әлеуетіміз бар. Алдағы уақытта да ұрпақтарымыз мақтан ететін қуатты, гүлденген аймақты бірге қалыптастыра береміз.
Қостанай жері – қашанда береке мен бірліктің, дарынды тұлғалар мен бай руханияттың алтын бесігі.
Тобыл-Торғай өңірінің мәдени өмірін жандандырып, халқымыздың бай дәстүрлерін дәріптейтін бұл мерейтой – ел өміріндегі айтулы оқиға.
Баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға бақ-береке, молшылық пен амандық тілеймін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, туған өлкеміз – Қостанайымыз көркейіп, өркендей берсін!