Қостанай облысында ұлттық өнерді насихаттап жүрген өнерпаздардың басын біріктіруге, халықаралық, республикалық, облыстық деңгейде әр жанр бойынша өтетін іс шараларды ұйымдастыруға, өңірдің мәдени жетістіктерін ілгерілетуге, ұлт өнерін дамыту мақсатында өзге облыстармен тығыз байланыс орнатуға бағытталған "Шаңырақ" ұлттық өнер орталығы ашылады.
Орталық дәстүрлі ән, жыр-терме, айтыс, қолөнер салаларына қолдау көрсетіп, өнерпаздардың жұмыстарын көпшілікке насихаттауды көздейді.
"Шаңырақ" орталығының ашылу салтанаты Тобыл қаласындағы "Алтын дән" мәдениет үйінде 12 сәуір күні сағат 12.00-де өтеді.