Күй - қазақтың ежелден-ақ, мұңдасы, сырласы, жансерігі. Күйдің ғажаптығы сол - өмірдің мән-маңызын ұқтырады. Күй ойға жетелейді. Адам боп өмір сүруге, жақсылыққа, ізгілікке ұмтылдырады. Күй тыңдап, күйді шын түсінген пенде жамандыққа бармайды деп жатады. Сондықтан да күй құдіретті, киелі деп есептелінеді. Кешегі Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина апаларымыздың жолын жалғап жүрген
Арқалық қалалық мәдениет сарайының қызметкері Данияр Әмірбековтың, Арқалық өңірінің өнеріне еңбегі сіңген тұлғалардың аруақтарына тағзым ретінде туған "Сағыныш" - атты күйі жарыққа шықты.