Облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкері Мұрат Нағашыбай Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына барып, Тобыл-Торғай өңірінен шыққан Нұржан Наушабайұлы, Нұрхан Ахметбеков, Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатов сынды тұлғалардың музыкалық мұраларын зерттеп қайтты.
Консерватория жанындағы фольклорлық ғылыми-зерттеу лабораториясында сақталған құнды бейнематериалдардың бірі – белгілі зерттеуші Сыздық Әбілғазинмен Нұржан Наушабайұлы туралы жүргізілген сұхбат. Бұл сұхбатта Сыздық Әбілғазин Нұржан Наушабайұлының шығармашылығы, оның қазақ музыкалық мәдениетіндегі орны, ақындық және жыршылық дәстүрге қосқан үлесі жайлы деректермен бөліседі.
Аталмыш бейнематериал ұлт мұрасына бей-жай қарамайтын тыңдарманға үлкен рухани азық болатыны сөзсіз. Назарларыңызға осы құнды сұхбаттың толық нұсқасын ұсынамыз.