Біздің қос өнерпазымыз Арғынбек Бейбітхан мен Әбдрахман Алпысов Астана қаласындағы Өнер академиясында ҚР мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші, ұстаз Ерболат Шалдыбековтың шеберлік сағатына қатысып қайтқан болатын
Олар "Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен..." жыр-терме, дәстүрлі ән орындаушылар фестивалінің жеңімпаздары, жыршы, термешілер. Шеберлік сағатынан өңірімізде қатысқан өнерпаздардың өнер жолындағы ұстаздарына айтар алғасытары зор. Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұжымы да өнерпаздарға жол көрсеткен ел ағаларына риза.
Енді қос өнерпаз алда өтетін халықаралық байқауға жан-жақты шыңдалып, көп дүниені үйреніп келді.