Бүгін Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының ұйымдастыруымен Облыстық "Алтын микрофон-2023" байқауының жүлдегерлері, яғни халықаралық "Алтын микрофон-2023" байқауына Қостанай облысының атынан қатысатын әншілер үшін шеберлік сағаты өтті
Шеберлік сағатын республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты, қалалық джаз және камералық оркестрлердің солисті, SuperStar.KZ және X-Factor тележобаларының қатысушысы, «АРТИСТ» шығармашылық мектебінің жетекшісі Тұтқышева Айсұлу Бағытжанқызы өткізді.
Бүгінгі шеберлік сағатына қатысқан әншілердің репертуарларымен және дауыс техникаларымен жұмыс жасалды.
Шеберлік сағатын өткізген Айсұлу Бағытжанқызына өткізгені үшін орталық басшысы Сертификат табыстады.
Алдағы өтетін халықаралық байқауға қатысатын әншілерімізге сәттілік.

