Бүгін облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының бөлім басшысы Д.Балықбаев әдіскерлер Ж.Жармағанбетова, А.Дүйсенбаева "Зерделеу" бағдарламасы аясында Б.Майлин ауданының Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйі, Юбилейный, Красносельский демалыс орталықтары мен Калининский, Елизаветинский, Тобыл, Асенкритовка ауылдық мәдениет үйлеріне іс-сапармен барып мәдениет ұйымдастырушыларымен әдіскерлермен кездесті.
08.06.2021
902
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Б.Майлин аудандық мәдениет үйінің басшысы Г. Мурзабаева, көркемдік жетекші М.Шонғалов аудандық, ауылдық мәдениет үйлерінің клубтық құрылымдары жұмысымен материалды техникалық базасымен таныстырып, алдағы жасалатын жұмыстарға тоқталып өтті.
Жұмыс барысында мәдени іс-шаралардың іс-қағаздары тексеріп, ұсыныстар жасалып, әдістемелік көмек көрсетілді.