Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы ұжымының 13 ақпанда кезекті отырысы өтті.
13.02.2020
2398
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Ұжым басшы Д.Қалқаев орталықта атқарылған жұмыстардың сандық, сапалық нәтижелеріне талдау жасап, ауыл клубтарының ұйымдастыру-әдістемелік жұмысын жақсарту мақсатында "Зерделеу" жобасымен жұмыс жасаудың тиімділігіне тоқталды.
Атырау облыстық халық шығармашылығы орталығына тәжірибелік іс-сапармен барып қайтқан көркемдік жетекші Ә.Көшкінбаева мен әдіскер А.Колдыбаева іс-қағаздарын жүргізу, шеберлік сағаттарын, байқау, фестивальдарды ұйымдастырудағы жаңашылдықты үйреніп келіп әріптестерімен бөлісті.
Әкелген буклет, журнал, кітап, үнтаспалар жинағына, іс-қағаздарына түсінік беріп, салыстырмалы түрде өз пікірлерін ортаға салды.
Отырыс соңында "Зерделеу" бағдарламасын енгізу бойынша және клубтар жөніндегі ақпараттарға талдау жасалып, сандық мәліметтерді бір жүйеге түсіру мен бөлімдердегі іс-қағаздары жұмысын жақсарту жөнінде шешім қабылданды.